Ақтауда құны 3,5 млн тұратын жаяу жүргіншілер өткелін орнату жоспарланды

Ақтауда құны 3,5 млн тұратын проекциялық жарығы бар жаяу жүргіншілер өткелін орнату жоспарланып отыр. Ондай бір жаяу жүргіншілер өткелі шамамен 3,5 миллион теңге тұрады. Ол 9 және 14 шағын аудандар арасындағы жолға орнатылады. Бұл пилоттық жоба болмақ, деп хабарлайды «Хабар 24» mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, бірнеше күн бұрын жарықтандыру мамандары түнгі рейдке шыққан.

«Олардың есебі бойынша, тіпті орталық көшелер де жақсы арықтандырылмаған. Біз жарықдиодты шамдарды қойдық, олар жақсы жанып тұр. Бірақ мамандар одан да жақсырақ жанатын еуропалық шамдарды ұсынып отыр. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаты бойынша ауыстыратын боламыз. Қалада 15 мыңнан астам шамды ауыстырып, 500-ге жуық жаңа тірек орнату қажет. Мен оларға қараңғы жерлерді жарықтандыру жұмыстарын туристік маусымның басында аяқтауды өтіндім. Мамандар тексеріс жүргізеді. Әзірге мүлде жарық жоқ көшелерге басымдық беріліп отыр. Ал орталық көшелерді мамандар екінші кезеңге қалдыруды ұсынды», - деді қала әкімі.

Ақтауда он жылдан бері айтылып келе жатқан жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өткелдеріне келетін болсақ, қалада тек Акбота паркі ауданында ғана жол салу жоспарлануда. Әкімдік қаржыландыруды күтіп тұр. Проекциялық жарығы бар жаяу жүргіншілер жолына да жоба бар. Жаяу жүргінші оған жақындаған кезде ол автоматты түрде жанып тұрады. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолағы мен жол белгісінде жарық жанады.

«Бірақ төрт жолақты жолдағы осындай бір жаяу жүргіншілер өткелі шамамен 3,5 миллион теңге тұрады. Бізде қала бойынша 200-ге жуық өткел бар. Біз осындай «ақылды» өткелдерді 10-15 орынға орнатуды жоспарлап отырмыз. Әзірге 14 және 9 шағын аудандар арасындағы жолда сынақ болады. Егер халық ұнатса, мәслихаттан қаржыландыруды сұрайтын боламыз», - деді қала әкімі.