Атыраудағы атыс: үш адамның жағдайы ауыр

Сағыз ауылында полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жүр. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Атырау мен Ақтөбенің арасында бір топ адам төбелесіп, артынан мылтық атылған. Бес бірдей адамға оқ тиіп, 36 жастағы жігіт жараланды. Ол Сағыз ауылының ауруханасына жеткізілген. Бірақ дәрігер оның өмірін сақтап қала алмады. Ал үш адамның халі ауыр. Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, төбелеске ауыл тұрғындарының өзара жанжалы себеп болуы мүмкін.  

Мейірім Ердәулет, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Полиция қызметкерлері қазір оқиға орнында бірінші болып қоғамды тұрақтандыру, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмылдырылды. Жағдай тұрақты. Тұрғындар арасында жаппай толқу байқалмайды. Соған қарамастан тәртіп сақшылары Сағыз ауылын тәулік патрульдеп, күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Оқиға орнына Атырау облысы полиция департаментінің жедел жұмыс тобы жұмыс істеуде. Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 99-бабы екінші бөлігі бойынша тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ...