433,56 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қостанай облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасына 5,8 млрд теңге бөлінген

  • 121
  • UPD: 23:19, 31.10.2021
Қостанай облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасына 5,8 млрд теңге бөлінген

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Қостанай облысында құны 5,8 миллиард теңге болатын 50-ге жуық жоба іске асады.

Бастысы – ауылдағы өмір сүру сапасын арттыру. Екі күндік жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев бірқатар әлеуметтік нысан мен кәсіпорынды аралап, істің барысымен танысты. Министр Қамысты ауданның орталығындағы стадион мен аурухананы жаңғырту жұмысы сапасын бағалады. Әсет Ерғалиев Алтынсарин ауылында газ тарату және астық тазарту мен тұқым сұрыптау желісімен танысты. Кәсіпорын келесі жылы пайдалануға беріледі. Тағы бір нысан – Бейімбет Майлин ауданы Тобыл ауылындағы дәрігерлік амбулатория. Емдеу мекемесі 35 жылда алғаш рет күрделі жөндеуден өтті. Министр Шеминовское ауылындағы газ тарату желісі мен су құбыры құрылысын көріп, Озерное ауылында мектепті, спорт кешенін және мәдениет үйін аралады.

Бекболат Уәлиев, аудандық аурухананың бас дәрігері:

- «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2019 жылы негізгі құжат дайындалды. 2020 жылы қараша айында жөндеу жұмыстары аяқталды.

Дәулет Сәттібаев, ауыл тұрғыны:

- Жөндеу жұмыстары біткеннен кейін осы стадионда талай жарыс өтті. Футбол, волейбол, баскетболдан ойындар болды. Ауылыма деген көзқарасым шамалы өзгерді.

Хабар 24 телеарнасы