Қостанайға «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында қомақты қаржы бөлінген

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қостанай облысында 5 миллиард 800 миллион теңгеге 50 шақты жоба жүзеге асырылып жатыр. Екікүндік жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев бірқатар әлеуметтік нысан мен кәсіпорынды аралады. 

Алдымен Қамысты ауданының орталығындағы стадионда болды. Кейін ауруханаға жүргізілген күрделі жөндеудің сапасын бағалады. Бұдан соң Алтынсарин ауылында газ тарату және астық тазарту желісімен танысты. Кәсіпорын келесі жылы пайдалануға беріледі. Тағы бір нысан Бейімбет Майлин ауданы, Тобыл ауылындағы дәрігерлік амбулатория. Мұнда 35 жылда алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Нысанның шатыры мен қасбеті жаңартылды. Сондай-ақ жоба аясында Шеминовское ауылында газ тарату желісі мен су құбыры тартылып жатыр. Ал келесі жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша Қостанай облысында мектептер мен ауруханалар жөнделіп, жаңадан бірқатар әлеуметтік нысан салынады.