Маңғыстау облысының тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін Жаңаөзен қаласының тұрғыны сотталды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегін анықтады.

«Азамат Қ.Агисов дербес компьютерлерді лотерея ойындарына арналған аппараттар түрінде Жаңаөзен қаласы, Рахат-1 шағын ауданы, Саяжай көшесі, 42 ғимарат мекенжайы бойынша орналастырған», – делінген ҚР ҚМА баспасөз қызметі­ таратқан мәліметте.

Құмар ойындарға қажетті 30-дан астам техника тәркіленді.

Ұсталған азамат бір жылға бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.