«WorldSkills Kazakhstan 2021» кәсіби шеберлік жарысы басталды

Елімізде «WorldSkills Kazakhstan 2021» республикалық кәсіби шеберлік жарысы басталды. 

Оған еліміздің барлық өңірінен 450-ден астам адам қатысады. Сайыста 30-дан астам  мамандық иесі бақ сынайды. Республикалық жарыс жеңімпаздары әлемдік додаға жолдама алады. Еске салайық, 2019 жылғы Еуропа чемпионатында веб-әзірлеу бойынша Павлодарлық колледж түлегі Дина Афанасьева қола жүлдені иеленді. Айта кетейік чемпионат осымен алтыншы рет өтіп отыр. Оған жасы 22-ге дейінгілер қатыса алады. Бұл мектеп оқушыларынан бастап, колледж, ЖОО студенттері не болмаса кәсіпорындарда жұмыс істейтін мамандар. 

Санжар Тәттібеков, «Talap» коммерциялық емес АҚ вице-президенті:

- Бізде мынадай стереотип қалыптасқан. Егер де жұмысшы мамандағы болсаң,  белгілі бір қиындықтар туындайды. өзінің иммиджіне де әсер етеді деген ой туындайды. Мысалы, «тоқ станогында май-май болып, жұмыс жасаймын» деген ой қалыптасады. Дегенмен, «WorldSkills Kazakhstan 2021»  қозғалысы мен әлемдік технология дамыған сайын бұл стереотиптен кетіп жатырмыз.  Техникалық, жұмысшы мамандықтар басынан да инжинерлік ой қалыптастыру көзделген.