Елде санақ мерзімі ұзартылды

Елде санақ мерзімі ұзартылды

Елде халық санағы 8 қарашаға дейін ұзартылды. Арнайы комиссия осындай шешім қабылдады.

Он жылда бір өтетін шараға халық белсенді қатысып жатыр. Десе де «жұмыс әлі аяқталған жоқ», – деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов.

Айта кетейік, дәстүрлі науқан 1 қыркүйекте басталды. Бұл жолғы санақтың басты өзгешелігі – дәстүрлі және онлайн форматта өтуі. Соңғы ақпарат бойынша, қазір елде 19 млн аса адам санаққа қатысқан. Ел азаматтарынан бөлек, Қазақстанда уақытша тұрып жатқандар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ босқындар есепке алынады.

Санаққа белсенді қатысқандардың көшін Алматы бастап тұр. Жамбыл, Ақтөбе, Түркістан мен Шығыс Қазақстанда да қамту көрсеткіші жоғары.