Шымкентте алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цех анықталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері қаладағы Дербес көшесіндегі кафеде астыртын цехты анықтады.

Астыртын цехты 28 жастағы қала тұрғыны ұйымдастырған.

– Жасанды есепке алу-бақылау таңбалары бар 6 атаулы мың бөтелке алкоголь өнімі, құрамында спирт бар 1200 литр сұйықтық тәркіленді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп мәлімдеді ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.

2021 жылдың басынан бері аумақтық департамент 11 астыртын цехты анықтады, заңсыз айналымнан 20 мың бөтелке контрафакт, 900 литрден астам спирт және 20 мың ЕБМ тәркіленді.