Пара мен заңсыз сыйақы алып келген лауазымды тұлғалар ұсталды

Ауыл шаруашылығына бөлінген субсидияны топтасып жымқырған қылмыстық топтың ісі әшкере болды.

Жең ұшынан жалғасқан қылмысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арнайы ауқымды операция нәтижесінде анықтады. 30-дан астам адамның көпшілігі қазір кінәсін толық мойындаған. Олар субсидиялауға бөлінген қаражатты жымқырып, кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара мен заңсыз сыйақы алып келген. Қазір аталған іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Шыңғыс Әлекешев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының көмекшісі:

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы ауқымды операциясы нәтижесінде Ауыл шаруашылығы министрлігіне бағынысты бөлімшелер мен ұйымдардың және Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және Ақмола, Түркістан, Жамбыл облыстары, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан Атырау, Ақтөбе облыстарының әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларынан тұратын қылмыстық топтар әшкереленді. Олар субсидиялауға бөлінген қаражатты жымқырумен айналысқан, кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара мен заңсыз сыйақы алудың жемқорлық схемасын ұйымдастырған.