Оралда спортшылар шәкіртақысыз қалды 

Батыс Қазақстан облысында спортшылар екінші жартыжылдықтың шәкіртақысын ала алмай жүр.

Аймақта 250-ге жуық адам бірнеше спорт түрінен ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді. Оларға ай сайынғы төлем жергілікті бюджеттен бөлінуі тиіс. Жыл басында 194 млн теңге жұмсалған. Алайда жауапты мамандар қаражат жетпей қалғанын айтады. Мұның себебін ел құрамасына шақыртылған спортшылар санының артуымен байланыстырады.

Жеңіс Нығметуллин, БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары:

– Жылдың басында 218 спортшымен бастадық. Қазір 246-ға жетті. Жаөспірім дейміз, жасы бар, кәрісі бар. Қалған айларға ақша жетпеуіне байланысты біздер уәкілетті органнан осы мақсатқа ақша сұрап, тиісті құжаттарын жолдадық. Ол ақша бөлінді. Енді өзінің процедуралары бар. Осы қараша айының 10-на дейін спортшыларға үшінші кварталдың ақшасын төлейміз.

Сондай-ақ...