Көмір тасымалында кедергі көбейді

Өндірісті аймақ Өскеменде көмір тапшы. Қаладағы темір жол тұйықтарына күніне 3-4 вагон ғана қыстық отын келеді. Ол өте аз. Салдарынан кезегін күткен көліктер көбейді. Бұл әсіресе алыс ауылдың тұрғындарына қиын. Көмір неліктен қат болып жатыр? 

Өскемендегі көмір сататын темір жол тұйығында ала таңнан кезек. Жүргізушілер де өзара күнде қызылкеңірдек. Бұл әсіресе алыс ауылдан келгендерге қиын.

Ербақыт Шайзада, Тарғын ауылының тұрғыны:

– Тарғынннан алдыңғы жұмадан бері жатырмыз. Кезек келгенде бітіп қалады. Одан сол көлікті тастап жатырмыз. Кеше түнде келгенбіз. Қонып жатырмыз.

Ертісбек Байтықов, Асубұлақ ауылының тұрғыны:

– Ауылдан келгендердің бәрі тұрады. Қаланікі әлеуметтік кезекке кіреді. Біздің жүйкеміз тозады. Менің алдымнан 4-5 көлік кіріп кетті. Мен шалмын ғой, алпыс жетідемін. Зейнеткермін. Таласқым келмейді.

Таласпағандардың кезегі кейіндеп қала береді. Әуелі әлеуметтік бағамен сатылатын көмірді тиейтін көліктер кіреді. Бірақ сол жеңілдікпен берілетін көмірді тасымалдаудың өз машақаты бар.

Болат Рақымбаев, қала тұрғыны:

– Міне жерде қарындасым бар. Ұлым бар мүгедек. Солардың көмірін апарайын десем, өзіміз апарамыз дейді. Мен он күн тостым. Өткен айдың 18, 14-күнгіні беріп жатырмыз деді. Бүгін міне бірі болды.18-ін бүгін басталды. Енді тағы 10 күн тосумыз керек па? Сонда, анау бала-шаға не болды? 15.52.01-Үш жұма болды. Міне бір-ақ рейс жасадым. Көмір жоқ дейді.

Бұл бүгін таңертеңнен бері көмір кезегін күтіп тұрған көліктер саны. Ал екі жағынан кіріп жатқан көліктердің санын ешкім еспке алып жатқан жоқ.Бүгін қарашаның бірі. Тұрғындар қажетті көмірдің тең жартысы да алып үлгермеген. Қоймаға жауапты мамандардың айтуынша ең басты мәселе вагонның жоқтығында.

Темір жол тұйығына түскен көмір бас аяғы 1-2 сағатта тиеліп кетеді. Ал келесі күні қанша вагон келетін ешкім айта алмайды.

Мансұр Бекбауов, көмір қоймасының директоры:

Күніне 10 вагон келу керек. Бізге 4 вагон, 5 вагон. Сол жеткіліксіз болғандықтан кезек. Темір жол өзі солай.

Нұрлан Рамазанов, облыстық ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

– «Қазақстан темір жолының» бізге берген жауабына сенсек, ірі кәсіпорындардағы жеткізілген вагондар уақытында тазартылмауына, түсірілмеуіне байланысты олар Қаражыраға вагондарды жеткізе алмай отыр.

Жеткізе алмай отырған вагонның кесірін қарапайым халық тартып отыр. Ал шығыста қарашаның қатқыл қара суығынан соң қары да, қылаулайды.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин, Жігер Бабаханов