430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстанға қандастардың ең көп бөлігі қайдан келгені айтылды

  • 100
  • UPD: 11:03, 02.11.2021
Қазақстанға қандастардың ең көп бөлігі қайдан келгені айтылды Миграция

2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 15 903 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 86,2 мың этникалық қазақ оралды.

Осы жылдың басынан қандастардың жартысынан көбі (76,3%) Қазақстанға Өзбекстаннан келген, 9,5% – Қытайдан,
6,1% – Түрікменстаннан, 2,5% – Моңғолиядан және 5,5% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,3%), Түркістан (13,4%), Маңғыстау (19,1%) және Жамбыл (8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,5%) қаласына қоныстанды.

Ағымдағы жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55%-ды, еңбекке қабілетті жастан кішілері 28,1%-ды және зейнеткерлер 16,8%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңейі бойынша 11,1% жоғары білімді, 40,1% орта кәсіби білімді, 45,5% жалпы орта білімді және 3,4% білімі жоқ.

Хабар 24 телеарнасы