Қызылордада есірткі притоны анықталды

Қалалық полицейлер арнайы операция кезінде 68 жастағы қала тұрғынын құрықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үш сыбайласымен бірге есірткі затын әзірлеп жатқанда қолға түсті. Күдіктілер сол жерде тамыр арқылы егетін притон ұйымдастырған. Тексеру кезінде есірткі қайнатқан ыдыс-аяқтар мен шприцтер табылып, заттай дәлелдеме ретінде алынды. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.