434,60 493.30 5,88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақтөбе облысының тұрғынынан киіктің ұшасы табылды

  • 99
  • UPD: 11:54, 02.11.2021
Ақтөбе облысының тұрғынынан киіктің ұшасы табылды polisia.kz

Ақтөбе облысында ауыл тұрғынының қорасынан киіктің ұшасы табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Браконьер» жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері санкцияланған тінту барысында Ырғыз ауылының 29 жастағы тұрғынының қорасынан екі киік ұшасы мен «ВАЗ-21015» көлік құралын тапты. Полицейлер ер адам өз көлігімен браконьерлікпен айналысқан деп болжайды. Аталған факті негізінде ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігі (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы