Еліміздің басым бөлігінде боран соғады  

Еліміздің басым бөлігінде боран соғады   

Елорда мен алты өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Нұр-Сұлтанда және Ақмола облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Ал күндіз бұрқасын күтіледі. Батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болмақ. Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Синоптиктердің болжауынша, түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Сонымен қатар күндіз Қызылордада жел күшейеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және Оралда түнде және таңертең тұман түседі.