БҚО-да қаржы пирамидасына 435 адам алданып қалған

Батыс Қазақстан облысында қаржы пирамидасын құрғандар 400-ден аса адамды тақырға отырғызған.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің сол өңірдегі аумақтық департаментінің қызметкерлері 2 ұйымдастырушыны ұстады. Олар «уотсап» әлеуметтік желісінде ортақ чат ашып, салымшыларға салған ақшасын 100 процент өсіммен қайтарып береміз деп уәде еткен. Қаражатты олар қолма-қол және банк карточкасына аудару арқылы да алып отырған.

Мерей Мұратбеков БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма бастығы:

- Тергеу барысында бір салымшы пайданы басқа салымшылардың есебінен қаржысынан берілгені анықталды. Ұйымдастырушылар кәсіпкерлік қызметпен айналыспаған. Литер алтын тұмар және великое будушее қаржы пирамидасының жалпы 435 адам салымшысы ретінде қатысқан. Оның жалпы құны 63 миллион теңге құраған. Қазіргі күні ұйымдастырушылар Орал қалалық сотының үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылған.