Павлодар облысында қысқы аңшылық маусымы ашылды

Қараша, желтоқсан мен ақпан айларында қоян, қарсақ, сібір елігі, түлкі, борсық пен қабан атуға  рұқсат етіледі.

Аңды арнайы бекітілген 29  шаруашылықтың  аумағында ғана аулауға болады. Ал Ақтоғай, Баянауыл, Павлодар аудандары мен Екібастұз, Ақсу қалаларының ауылдық округтерінде орналасқан 9 шаруашылықтың жерінде аңшылық құруға тыйым салынған. Сондай-ақ Баянауыл ұлттық табиғи паркі, «Ертіс орманы» мемлекеттік резерваты мен Ертіс өзенінің жайылымында аң атуға болмайды.

Жасұлан Жұмашев, Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы:

- Аңшы куәлігі мен қару ұстауға рұқсат қағаз болмаса, аңға шығуға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар аңшылық нысанының арнайы рұқсаты керек. Құстармен аң аулауға да рұқсат қажет. Бұл ережелер бұзылса, 10 АЕК көлеміне дейін айыппұл салынады.