Сенім телефонына жыл сайын 50 мыңға жуық бала хабарласады

Елде жыл сайын сенім телефонына 50 мыңға жуық бала хабарласады. Ел бойынша 2 мыңға тарта психологиялық көмек орталығы бар. Мәселен, орта есеппен алғанда бір мектепте 4 мың оқушы білім алады. Оларға 2 психологтан келеді.

Мектеп психологтарына қандай талап қойылады? Оқушылар мамандарға неліктен сенім арта алмайды?

Жыл басынан орта білім беру мекемелерінде буллингтің құрбаны болған оқушылардың саны 12 процентке артқан. Кейіпкеріміз мектеп психологының тарапынан қудалауға ұшыраған. Айтуынша, маман олардың жеке тұлға болып қалыптасуына тыйым салып, айтарлықтай шектеу қойған.

Қала тұрғыны:

- Біздің сыныпта ешқандай баламен жұмыс істемеді. қыздарға келіп дауыс көтеріп не үшін боянасың деп дауыс көтеретін тұған. Арамызда сенімсіздік болды. оған құпиямызды сеніп тапсыра алмаймыз.

Мектеп психологы басшылықтың сөзін сөйлеп, объективті шешім қабылдай алмайды. Соның кесірі оқушыларға тиіп жатады. Сондықтан да мектеп психологы директорға тәуелді болмауы тиіс деп санайды мамандар. Сарапшылар мектеп психологтарына жағдай жасалмаған дейді. Жалақы аз, қағазбастылық көп. Еңбекақы шамамен 40 пен 120 мың теңгенің аралығында. Оларға мектеп басшылығы сағат бөлмейтін көрінеді. Тіпті кей мекемеде педагог-психологтардың кабинеттері де жоқ екен. Оған қоса мамандар сауалнаманы орыс тілінен қазақшаға өздері аударады, дейді Қазақстан психологтар қоғамының төрайымы Гүлзат Асанова.

Гүлзат Асанова, Қазақстан психологтар қоғамының төрайымы, тәжірибешіл психолог:

- Психологқа баланы мұғалім жұлқылап алып келеді. меніңше баланың жеке шекарасын бұзу деп ойлаймын. не себептен мұғалімдер осындай әрекет жасайды. тек ата-ананың рұқсатымен болу керек. Психологтарға мектептерден сабақ беру керек деп ойлаймын. өйткені олардың сағаты жеткіліксіз. олар балаларға қалай көмек жүргізеді. Бір мекемеде 4 мың бала оқиды. 3 психолог, 2 психолог жұмыс істейді. бұл дұрыс емес. Приказ бар 300 балаға 1 психолог деген. Ол орындалмай жатыр.

Жалпы ел бойынша 7 жарым мыңнан астам педагог-психолог бар. Деседе бұл жеткіліксіз. Ал Білім және ғылым министрлігінің өкілі мектеп психологына арнайы талап жоқ екенін алға тартады.

Балабек Кеніштайұлы, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының жетекші сарапшысы, психолог:

- Негізінен қатты талап қойылмайды. ЖОО кейінгі осы біліктілігіне сай дипломы болса жұмысқа алынады. бірақ мына нәрсені ескеру керек. Қандай мектепке бара жатыр сол мектептің мақсаты, міндеті стратегиясына сай кейбір қосымша талаптар мектеп басшысына қойылуы мүмкін. Білім беру ұйымдарындағы сынып санының көлеміне байланысты педагог-психологтардың  жүктемелері 0,5,1,2 жүктеме барлығы 177 қаулыда көрсетілген.

Жуырда Мәжіліс отырысында депутаттар мектептегі буллинг пен кибербуллинг мәселесін көтерген. Онда қудалау және кибербуллинг ұғымдарын заңнамалық бекітуге арналған нормаларды енгізу ұсынылып, Білім және ғылым министрлігі мен өзге де құзырлы органдарға тиісті өзгертулерді әзірлеу тапсырылды.

Наргиз Бекмағанбетова, Аят Дүйсембаев