loader

Петропавлда апатты жағдайдан соң жарық берілді

Петропавлда апатты жағдайдан соң жарық берілді

Петропавлда жылу электр орталығындағы істен шыққан қазандықтар қалпына келтірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Бахыт Ілиясовтің айтуынша, электр қуаты толық берілді.

Атап өтейік, кеше Петропавлда жылу электр орталығында апат болып, 50 мыңға жуық адам жарықсыз қалған. Кәсіпорында қазандықтар істен шығып, облыс орталығының жартысы мен 7 аудан қуат көзінен ажыратылды. Салдарынан әлеуметтік нысандар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар жұмыс уақытын шектеуге мәжбүр болды.

Сондай-ақ...