Петропавлда жылу электр орталығы қалпына келтірілді

Қаладағы апат болған жылу электр орталығының жұмысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Бахыт Ілиясовтің хабарлауынша, қазір облыста қажетті 7 қазандық толық істеп тұр. Жарық кеше кешкі 22.00-де берілді.

Естеріңізге салайық, жексенбі күні кәсіпорында 3 бірдей қазандық істен шыққан болатын. Ірі апаттан облыс орталығының жартысы мен 145 елді мекен қуат көзінен ажыратылды. Жөндеу жұмыстары күні-түні жүргізіліп, қондырғылар қайтадан іске қосылды.

Бақыт Ілиясов, Энергетика және түкш басқармасының басшысы:

– Қазір турбо агрегаттардың істен шығу себебі анықталады. Содан кейін осындай ақау қайталанбас үшін нақты шешім қабылданады. Жалпы жылу электр орталығына ауқымды жаңғырту жұмысы керек.