Қазақстан мен БАӘ арасында халықаралық рейстер саны артады

Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) арасындағы тұрақты әуе қатынасын арттыру мәселесі шығарылды.

2021 жылғы желтоқсаннан бастап «Fly Arystan» әуе компаниясы («Эйр Астана» АҚ компаниялар тобы) Ақтау – Дубай және Шымкент – Шарджа бағыттарында 2 рейстен орындауды жоспарлап отыр.

Рейстер санын арттыру екі ел арасындағы өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ туризмді дамытуға ықпал етеді.

Сондай-ақ...