460,95 484,00 8,66
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Миллиардер Джеф Безос Африка табиғатын қалпына келтіруге қомақты қаржы бөледі

  • 151
Миллиардер Джеф Безос Африка табиғатын қалпына келтіруге қомақты қаржы бөледі

«Амазон» компаниясының негізін қалаушы миллиардер Джеф Безос Африкадағы табиғатты қалпына келтіріп, азық-түлік жүйесін жетілдіруге 2 миллиард доллар бөледі. Бұл туралы кәсіпкер Глазгодағы конференцияда жариялады.

Қомақты қаржының 1 миллиарды қара құрлықта талдар егіп, тозған ландшафтарды қалпына келтіруге бөлінбек. Қалғаны егістік шығымын арттыратын шаруашылықтарды кеңейтіп, өнімдерді тұрақты жеткізу жүйесін құруға жұмсалмақ. Безос, сондай-ақ Амазон 2040 жылға таман көмірқышқыл газын шығаруды толық тоқтатуға ниетті екенін атап өтті. Ал 2025 жылға қарай бірлестік барлық операциясын жаңғыртылатын қуат көздерін пайдалану арқылы жүзеге асыруға көшпек.

Джефф Безос, Amazon компаниясының негізін қалаушы:

– Безостың Жер қоры келесі жылы өтетін кезекті конференцияға дейін Африкадағы табиғатты қалпына келтіруге бағытталған стратегияны жасауға дайын болады. Бірақ біз климаттық дағдарысты шешу үшін тек әр елдегі үкімет мен ұйымдарға немесе қайырымдылық қорларына ғана сүйене алмаймыз. Көмірқышқыл газын қысқарту ісіне жекеменшік сектор да белсене атсалысуы тиіс.

Рокфеллер әулеті мен Безос қоры және ИКЕА компаниясы ғаламшар үшін әлемдік энергетикалық альянс құратынын жариялады. Оның мақсаты түрлі ұйымдардың қайырымдылық қаржысын жинап, кедей елдердің баламалы энергия көздеріне өтуін қаржыландыру. Альянс алдағы 5 жылда бұл жобаға 50 миллиард доллар бөліп, ал 10 жылда оның көлемін 100 миллиард долларға дейін жеткізуді көздеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы