Жемқорларға рақымшылық жасала ма?

Бүгінде жазасын өтеп жатқан 1000 адам бостандыққа шығады. Қоғамға бұдан былай қауіп төндірмейтін қылмыскерлерге рақымшылық жасалмақ. Бүгін Парламент мәжілісінде тиісті заң жобасының қорытынды оқылымы болды.

Қазақстан Тәуелсіздігінің отыз жылдығына орай қолға алынған шара аясында әйелдер, егде жастағы ер азаматтар мен кәмелет жасына толмағандардың жазасын жеңілдету қарастырылған. Ал парамен ұсталған азаматтарға рақымшылық жасала ма? 

Рақымшылық туралы заң жобасы теріс қылығы үшін немесе онша ауыр емес, сондай-ақ ауырлығы орташа қылмысы үшін істі болғандардың жазасын жеңілдетіп, кейбірін тіпті босатуды көздейді.

Мұндай рақымшылық 1 мың адамға жасалады. Пробацияда тұрған 11 мыңнан астам қылмыскердің жазасы жеңілдесе, тағы 1 294 адамның жазасын өтеу мерзімі қысқарады. Үстінен тергеу ісі енді басталған 1 674 азамат қылмыстық жауапкершіліктен мүлде босатылуы мүмкін.

Жалпы, елімізде 34 мың азамат қазір түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатыр.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

– Рақымшылық ардагерлерге, кәмелеттік жасқа толмағандарға, егде жастағыларға, 1 және 2 топтағы мүгелектерге, сондай-ақ қоғамға қауіп төндірмейтіндерге қолданылады. Заң жобасы мемлекеттік орган өкілдерімен, қоғам қайраткерлерімен, және сарапшылармен талқыланды.

Бірқатар санаттағы азаматтарға рақымшылық жасалса да, түптеп келгенде ондайлардың саны көп емес. Мәселен, жазасын өтеп жатқан бір ғана мүмкіндігі шектеулі жан бостандыққа шығады. Ал кәмелеттік жасқа толмай түрмеге түскен 52 адамның тек 12-нің ғана жазасын өтеу мерзімі қысқартылады. Яғни, рақымшылық тізіміне іріктеу қатаң жүргізіледі. Десе де, бостандыққа шыққан азаматтарға қатысты күдік жоқ емес. Оны депутат Әміржан Рақымжанов өз сауалында ашық білдірді. 

Әміржан Рақымжанов, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты:

– Рақымшылық бойынша сотталғандардың бостандыққа шығуы қылмыс деңгейінің артуына алып келмей ме? Өйткені бостандыққа шыққандар тағы да заңды бұзуы мүмкін ғой? Полиция бұл бағытта қандай шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр? Рахмет!

– Сұрағыңызға рахмет! Баяндамада айтып кеттім, рақымшылыққа онша ауыр емес және орташа қылмыс істегшен азаматтар. Енді босатылғанна кейін бізде пробациядағы қызметкерлеріміз, учаскелік инспекторларымыз ол азаматтардың барлығын профилактикаға қояды. Екіншіден, жұмыс мәселесін де айтып кеттім. Бәрін орналастыру керек. Енді үйлерінде, отбасыларында, жұмыс істейтін жерлерінде енді біздің міндетіміз осы азаматтарды қарап, профилактикалық жұмыстарды істейміз. Бағынбаса, онда бізде заңды түрде нормалар бар, сол бойынша тағы да жауапқа тартамыз. 

Рақымшылыққа ілігетіндер тізіміне кәмелет жасынан асқан, бірақ бұрыннан мүгедек ретінде есепте тұрған баласы барлар да енгізілген. Бұған дейін тек мүмкіндігі шектеулі баласы 18-жасқа толмаған жағдайлар ғана ескерілетін. Ал парамен ұсталып, қылмыстық жауапқа тартылғандар амнистияға іліге ме? Қылмыстық атқару жүйесі комитенің өкілі осыған қатысты түсініктеме берді.

Мейрам Аюбаев, Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары:

– Жемқорлыққа жататын жағдайларда қылмыскерлердің қылмысы егер де жеңіл болса, орта жеңіл болса, егер залалы жоқ болса, олар жаңағы коррупциялық қылмыскерлер енеді. Ал ауыр, аса ауыр қылмыс жасаған коррупционерлік қабылданбайды.

Жемқорлықтың жеңіл, орташа немесе ауыр қылмыс ретінде жіктелуіне тоқталсақ: пара соммасы 30 айлық есептік көрсеткіш, немесе 9 млн теңге шамасында болса, айыпты 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бұл орташа дәрежедегі қылмыс саналады. Демек мерзімі мен пара соммасы бұдан төмен жандарға қолданылатын жаза жеңілдеуі бек мүмкін. Заңгер Сергей Уткиннің айтуынша, жемқорлыққа қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі басталған жағдайда күдікті амнистияға ілінуі ықтимал.

Сергей Уткин, заңгер:

– Заңның ішінде әлі де айқындалатын болады, бірақ амнистияның өзі нені білдіруі мүмкін? Тергеу ісі сотқа дейін жетпей жатып, жемқорлық дерегі бойынша қылмыс дәрежесі орташа деп танылған жағдайда – онда тергеуші істі сотқа дейін жеткізбей күдіктіден алдымен рақымшылық жасалғанын қалай ма, жоқ па, соны сұрап алады.  Егер күдікті бұған келіссе,  онда қылмыстық іс тоқтатылады да, күдікті амнистияға ілігеді. Бірақ ол адамның өзін-өзі ақтау құқығынан айырылады.

Демек амнистияға іліккен айыпталуышы өзінің бұрынғы жұмыс орнына - яғни мемлекеттік қызмет не құқық қорғау органдарына қайта жолай алмайды.  Жалпы, Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері елде  жазасын өтеушілерге рақымшылық 8 рет жасалған.

Авторлары: Бақыт Топтаева, Ержан Рахманберді