Алматыда өткен жиында ауыл әкімдерінің сайлауы талқыланды

Еліміз бойынша бүгінгі күнге дейін 811 ауылдық округте ауыл әкімдерінің сайлауы өтті.

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау халық арасында, сонымен бірге саяси партиялар арасында зор қызығушылық туғызды. Нәтижесінде сайланған ауыл әкімдерінің 86 проценті – саяси партиялардан ұсынылған үміткерлер. Ал 14 проценті өзін-өзі ұсынғандар болғаны туралы Президент көмекшісі Ерлан Карин атап өтті. Бүгін Алматыда өткен жиында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, сарапшылар мен саясаттанушылар ауыл әкімдерін сайлау барысын талқылады.

Айта кетейік, сайланған ауыл әкімдерінің дені бұрын бұл қызметті атқармаған. Сараптама жүргізген Әлеуметтік саяси зерттеулер орталығы мынадай маңызды мәселелерге назар аударуы керек деп санайды. Бірінше кезекте ауылдық жердегі әлеуметтік жағдай, сол аумақтың ерекшелігі мен тұрғындардың саяси реформаға қызушылығы қандай екендігі есепке алыну тиіс деп отыр. Сондай-ақ сайлау тетігін жетілдіруге қатысты да ой пірілер айтылды.

Уайыс Ерсайынұлы, Ақтау қалалық мәслихатының депутаты:

– Халық саяси қызығушылығын оятқан нәрсе бұл өзін-өзі ұсынуға үміткерлердің де ауыл әкіміне өтіп кеткендігі. Одан бөлек, билеуші партия Нұр Отан париясынан басқа, Адал, Ауыл партиясынан да үміткерлер сайлауға түсіп және жеңіп шыққандығын да көріп отырмын. Яғни, бұл саяси плюрализмнің көрінісі.

Еске сала кетейік, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алдағы алтыншы отырысында ауыл әкімдері сайлауының жалпылама қорытындысы шығарылады.