Ресейдің Иркутск қаласында Ан-2 ұшағы құлады, бортта болғандардың барлығы қаза тапты

Ресейдің Иркутск қаласы түбінде Ан-2 ұшағы құлады. Оның бортында жеті адам болған. Ұшақтың құлаған жері анықталды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ аэродромға жақын орналасқан Пивовариха елді мекенінің маңында құлаған. Ұшақ қонар кезде екінші рет айналып, радарлардан жоғалып кеткен», - деп баяндады агенттіктен.

Иркустск ауданы АҚ және ТЖ қызметінің директоры Олег Федотовтың хабарлауынша, ұшақ орманға құлаған.

«Мәліметтерге сәйкес, ұшақтың 10 шаршы метр ауданы, 300 шаршы метрге төгілген отын өртеніп жатыр. Оқиға орнында 46 адам мен 17 техника жұмыс істеуде. Ресей ТЖМ арнайы күш-құралдарын көбейтіп отыр», – деді ведомствода.

Ұшақтың бортында болғандардың барлығы қаза тапты.

Борт Беларусьтің «Гродно» әуе компаниясына тиесілі. Тасымалдаушы басшылығы зардап шеккен Ан-12 ұшағына қатысты ақпаратты тексеріп отырғанын мәлімдеді. 

«Әуе кемесі Чукот АА-да халықтық тұтынуға арналған азық-түліктерді тасымалдап, әуежайға қайтып ұшып келе жатты», – деп қосып өтті Росавиациядан.