ШҚО әуежайлары күрделі жөндеуден өтіп жатыр

Шығыс Қазақстан облысындағы әуежайлар күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Осы уақытқа дейін Өскемен және Семей әуежайы жаңартылды. Модернизацияның мақсаты жолаушыларға қолайлы жағдай жасау арқылы өңірге келетін туристер санын арттыру. Өйткені, аймақ Алтайдың тұмса табиғаты мен Алакөлдің шипалы суымен танымал.

Марина Адрисова аптасына екі рет ұшақпен ұшады. Семейдегі әуежай жөнделгеннен кейін қызмет көрсету сапасы жақсарды,- дейді жолаушы.

Марина Адрисова, қала тұрғыны:

- Жанға жайлы, өте тыныш, ең бастысы жылы. Көңілімізден шықты. Кезінде ең өзекті мәселе болатын. Ал қазір ең тамаша нысан.

Гүлшат Сәдуақасова, қала тұрғыны:

- Әрине ұнайды. Бұрынғыдай емес. Жас кезімізде осыдан көп түсетінбіз. Бүгін мен тіпті танымай қалдым. Әрине қуаныштымыз жылдан жылға қаламыз көркейіп келе жатқанына.

Стратегиялық нысан «Нұрлы жол» бағдарламасымен үш жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен болатын. Сол кезде 3 мың метрден асатын ұшып қону алаңы, әуежай ғимараты жаңартылды. Құрылыс жұмыстарынан соң жолаушы тасымалы артқан.  

Достан Жұмаханов, Семей халықаралық әуежайы директорының орынбасары:

- Жөндеу жұмыстарына дейін жылына 70 мың жолаушы тасымалданатын. 2019 жылы бұл көрсеткіш 120 мыңға жетті. Ал қазір одан төрт есе көп адам тасимыз. Жоба ШҚО келетін туристер санын арттыру мақсатында қолға алынған болатын. Өйткені, өңір тарихи-мәдени орындарға бай.

Осы күзде Өскемендегі әуежай толықтай пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде Нұр-Сұлтан, Алматы бағытындағы әуе рейстері жиіледі. Ал, Үржардағы әуежайға 4 млрд теңге бөлініп отыр. Құрылыс аяқталған кезде ол жерге ірі әуе кемелері қонады.

Тимур Қасиетов, мердігер мекеме өкілі:

- Ұшып-қону алаңы бұрын 1580 метр болатын. Қазір оның ұзындығы 2160 метр. Жұмыс қарқынын арттырып жатырмыз. 70 адамға жұмыспен қамту орталығы жолдаған 50 келіп қосылады деп отырмыз. 

Әуе қатынасының жандануын, әсіресе, Тарбағатай ауданының тұрғындары тағатсыздана тосып жүр. Өйткені Ақсуат-Алматы бағытындағы ұшақ 1992 жылдан бері ұшпаған.

Назгүл Жақыпова, Ақсуат ауылының тұрғыны

- Аэропорт болса самалет ұшса жақсы ғой. Белгіленген жеріңе бір сағатта жетіп барасың. Ал таксиге отырсаң бес сағат жеті сағат жүресің жол жаман. Жолды жөндеген жоқ.

Шағын әуежай салуды жеке кәсіпкер қолға алды. Осылайша ол туған жеріне тарту жасамақ. 

Дулат Тастекеев, меценат:

- Ақсуаттағы әуежайды қалпына келтіру, жаңадан салып шығу ауданның халқы үшін өте актуалды маңызды мәселе деп өз басым ойлаймын. Себебі бұл шекаралық аймақ. Қалалық үлкен орталықтардан алыста орналасқан шалғай елді-мекен. Халықтың қаламен қатынасы бала шағаның ЖОО СКЛ  бару қиын болғандықтан 1992 жылға дейін қалпына келтірсек деген ниетіміз бар. ))

Жаңа әуежайды үш жылда пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сол кезде аймақ тұрғындары Нұр-Сұлтан, Алматы және Өскемен қаласына  ұшақпен қатынайтын болады. 

Әсем Өтешова, Берік Жобалайұлы, Медет Өмірханов

Сондай-ақ...