Елімізде төрт өңір «қызыл аймақта» тұр

2021 жылғы 4 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл аймақта»: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл аймақта»: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары.