Қарағандыда 670 мыңнан астам қорап темекі өнімдері тәркіленді

Қарағандыда контрабандалық темекі сату дерегінің жолын кесілді.

Қаржылық мониторинг агенттігі жедел-іздестіру шаралары барысында Қарағанды қаласында 350 миллион теңгеден астам сомаға шығу тегі белгісіз 670 мыңнан астам қорап темекі өнімдерін тәркіледі.

«Тергеу барысында Әзербайжан азаматы басқа тұлғалармен бірлесіп, Қарағанды облысының аумағында «Космос», «Беломорканал», «Тройка», «Столичные» маркалы темекіні акцизсіз заңсыз сатқаны анықталды», – делінген ҚМА таратқан мәліметте.

Салдарынан мемлекетке 149 миллион теңге көлемінде залал келтірілді.

Тергеу жалғасуда.