430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркістан тұрғынынан 31 келіден астам есірткі табылды

  • 92
  • UPD: 12:33, 04.11.2021
Түркістан тұрғынынан 31 келіден астам есірткі табылды polisia.kz

Түркістан полицейлері жергілікті тұрғынның сарайынан 200 литрлік бөшкеге салынған 31 келіден асатын есірткіні тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаменті ЕҚҚІҚБ мен Түркістан ҚПБ-ның полицейлері жергілікті тұрғындардың бірінің есірткі затын жасырғанын анықтады. Жедел жүргізілген шаралар аясында полицейлер күдіктінің нақты мекенжайын біліп, оның ізіне түскен.

Тұрғынның үйі мен ауласын тыңғылықты тінту кезінде полиция қызметкерлері сарай ішінен 200 литрлік бөшкеге салынған жеті дана полиэтиленді пакеттегі, бояудан босаған шелекке салынған бір пакет және оның ішінде 11 дана кішкентай пакетке салынған есірткіге ұқсас заттарды тауып, тәркіледі.

Күдіктіден тәркіленген заттардың барлығы тиісті сараптамаға жолданып, оның қорытындысы бойынша салмағы 31 келіден астам кептірілген марихуана болып шықты.

Бүгінгі таңда ауласына есірткі жасырған ер азамат қамауға алынды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы