Pfizer вакцинасы Қазақстанға 8 қарашада әкелінеді

Қазақстан халқын ревакциналауға кірісу керек. Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдерге осыны тапсырды.

Ал осы орайда «Pfizer» вакцинасы Қазақстанға 8 қарашадан бастап әкелінетінін айтып кету керек. Алғашқы партия аясында ол 2 млн адамға салынады. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов хабарлады. Вакцина елге әкелінген бойда өңірлерге таратылады. Одан соң вакциналау жұмыстары басталады. Бұл іс 15 қарашаға жоспарланып отыр. Жалпы бұл жолы «Pfizer»-дің 4 млн дозасын әкелу көзделген. Аймақтарда екпені сақтау орындары дайын. Алғашында шетелдік вакцина әйелдер мен оқушыларға салынады.

Марат Шоранов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

- Оқушылардан басқа жүкті әйелдер және емізіп жатқан әйелдер, сол кісілер ала алады. Сосын жалпы риск тобына кіретін қызметкерлер бірінші этаппен кіргізіледі. Содан соң бірінші ақпаннан бастап қалай жасадық, солай жасаймыз.

Сондай-ақ...