433,32 493.30 5,91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Моноқалаларда халық саны азайып кеткен

  • 82
  • UPD: 15:35, 04.11.2021
Моноқалаларда халық саны азайып кеткен

Еліміздің шағын қалаларындағы халық саны 3 миллионнан 1,5 миллион адамға дейін азайып кеткен.

Бұл мәселе де Президентті алаңдатып отыр. 1999 жылдан бастап мұндағы жұрт тіршіліктің қамымен үлкен қалаларға үдере көшкен. Әсіресе жекелеген моноқалаларда тұратын азаматтар саны сиреп барады. Салдарынан иесіз пәтерлер мен қаңыраған үйлер көбейді. Алайда бос қалған нысандар мен коммуналдық желілерді күтіп ұстауға бағытталған шығыстар бұрынғыша қалып отыр.

Хабар 24 телеарнасы