Павлодарда пневмония жұққан бір жасар бала жансақтау бөліміне түсті

Павлодарлық дәрігерлер коронавирустық превмонияға шалдыққан баланың жағдайы туралы хабарлады. Бір жасар бала инфекция жұқтырып, облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне түскен еді.

Мамандардың айтуынша, кішкентай пациенттің өкпесінің 40 процентке жуығы зақымданған. Ол жансақтау бөлімінде үш айға жуық уақыт бойы ем алып жатыр. Айта кетейік, облыста коронавирустық инфекция жұқтырған бала саны көбейген. Бүгінгі күні 164 балада коронавирустық инфекция анықталған. Олардың 136-сы емханалық деңгейде бақылауға алынған. Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақталмай келеді. Карантинге жабылған сыныптар көбейген. Өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, оқу жылының басынан бері 999 оқушы инфекция жұқтырған. Қазіргі уақытта 82 мектептің 176 сыныбы карантиндік бақылауда.

Гүлнар Буратаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Жансақтау бөлімінде жатқан баланың жағдай тұрақталып келеді. Оң динамика байқалады. Науқас өкпені желдету жасанды демалу аппаратынан ажыратылды. Қарқынды ем-дом шараларын мультидисциплинарлы дәрігерлер тобы жүргізілуде. Бұл ұзақ процесс. Бала жіті бақылауымызда.