Сенаторлар Цифрлық үкімет кеңсесінде болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің базасында жұмыс істейтін Цифрлық үкімет кеңсесінде болды.

Сенаторларға мемлекеттік органдардағы процестерге реинжиниринг жасайтын және оларды цифрлық сипатқа ауыстырумен айналысатын құрамында Цифрлық трансформация орталығы бар кеңсе көрсетілді. Салалық мекеме министрі Бағдат Мусин кеңсенің мақсаты Қазақстан Республикасының стратегиялық міндеттері мен басымдықтарын іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жедел және келісілген іс-әрекетін қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел ден қоюды талап ететін жағдайларды анықтау, алдын алу және шешу екенін парламентшілерге айтып берді.

ЦҮК құрамында сонымен қатар Ұлттық талдау орталығы және Ұлттық жобалау кеңсесі де жұмыс істейді. Олар математикалық модельдеуді, болжауды және талдауды қолдана отырып, деректер базасының байланыстылығын анықтауға мүмкіндік береді.