Ақтөбедегі субсидия дауына іліккендер арасында  шенеуніктер бар ма?

Ақтөбедегі cубсидия дауына іліккендердің арасында мемлекеттік қызметшілер жоқ. Десе де әлі тергеу жалғасып жатыр.

Бүгін орталық коммуникациялар орталығындағы брифингте облыс әкімі Оңдасын Оразалин осылай деді. Оның айтуынша айыпталғандар Ұлттық аграрлық-ғылыми орталықтың  мамандары. Олар мемлекеттік қызметші санаты жатпайды.

Күдіктілерге күн панелдерін орнатуға бөлінген қаржыны жымқырды деген айып тағылып отыр.