Жолаушы тасымалындағы түйткілдер қашан шешіледі?

Ақтөбе өңірінде автобустар жаппай электронды билеттеу жүйесіне көшіріліп жатыр. Аймақ басшысы Оңдасын Оразалин осылайша саладағы жемқорлықтың алдын алатындығын айтты.

Аймақ басшысының айтуынша, осындай жолмен халық қаражатын қалтаға басып қалудан сақтап қалмақ. Алайда кей көлік жүргізушілеріне бұл шара ұнай қоймаған секілді. Кейінгі кездері олардың дүркін-дүркін наразылық танытуының басты себебі де осы деп жауап қатты облыс әкімі тілшілердің сауалына. Жолаушы тасымалында бәсекелестікті арттыру мақсатында аймаққа Алматыдан арнайы компания шақыртылған. Қазір жаңа парктің 70-ке жуық көлігі қала көшелерімен қатынап жатыр. Алдағы уақытта олардың санын 150-ге жеткізу көзделген.

Оңдасын Оразалин, Ақтөбе облысының әкімі:

– Жүргізушілер жаңа жүйеге көнбей, қайткенде де бұрынғы жүйеге орнатқанын талап етіп, бізге айлық аз түсетін болды деген мәселе көтерді. Бірақ жаңадан келген мекеме өзінің айлықтарын жоғары көтеріп жатыр, одан да көтеретін түрлері бар.