434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақтауда Өзбекстаннан әкелінген құрмалардан комсток құрты табылды

  • 83
Ақтауда Өзбекстаннан әкелінген құрмалардан комсток құрты табылды

Маңғыстауға Өзбекстаннан әкелінген 2 тонна құрмадан комсток құрты табылды.

Екі елдің шекарасындағы фитосанитариялық бақылау бекетінің инспекторлары жемісті тексеру барысында қауіпті зиянкесті анықтаған.

Айта кетейік, комсток құрты адамға зиян келтірмейді. Бірақ өсімдіктің 300-ге жуық түрін зақымдайды. Құрттың кемірген жері жасыл-желектің сарғаюы мен жемістердің шіруіне әкеледі. Сондықтан карантиндік зиянкес қатарына жатқызылған.

Ақжарқын Меңдігереева, облыстық Өсімдіктер карантині, өсімдіктерді қорғау және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы:

– Біздің мақсатымыз – карантинтиндік нысандардың барлық түрлерін ҚР аумағына таратпау. Таралған жағдайда толықтай локализация жасау үшін үлкен экономикалық шығын келтіреді. Осы жылы 3 рет осындай жағдай болды. Өзбекстаннан келген капустадан карантиндік нысан анықталды, біреуі өлі және тірі күйінде анықталды. Құрмадан құрт табылуы – үшінші жағдай. Сол жерде түсіндіру жұмыстары берілді, ақпарат берілді, аталған өнім кері қайтарылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы