Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

5 қарашада Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, екпіні 15-20 м/с күтіледі

Күндіз 5 қарашада Ақмола облысының солтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі.

Көкшетау қ.: күндіз 5 қарашада батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с.

5 қарашада Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл сақталады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында және оңтүстігінде 15-20 м/с сақталады.

Қызылорда қ.: 5 қарашада жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с сақталады.

5-6 қарашада Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, тау және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с, 5 қарашада таулы аудандарда екпіні 23-28 м/с. Шымкент қ.: 5 қарашада шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Түркістан қ.: 5 қарашада шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

5-6 қарашада түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде 05 қарашада облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз 05, тәулік бойы 6 қарашада басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қ: күндіз 05, тәулік бойы 06 қарашада оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

 

Сондай-ақ...