Сауда орталықтарына «көк» мәртебесі бар азаматтар енді кіре алмайды

Ashyq қосымшасындағы мәртебесі «көк» түсті азаматтар сауда орталықтарына кіре алмауы мүмкін.

Бұл туралы ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында айтылды. Комиссия мүшелері жұмыс күндері ойын-сауда орталықтарына тек қосымшада жасыл деген мәртебесі тұрғындарға рұқсат ету мәселесін қарастырып жатыр. Осыған орай жаңа пилоттық жоба әзірлеу жоспарланып отыр. 

Айта кетерлігі, қазірдің өзінде Ashyq қосымшасындағы мәртебесі «көк» түсті қазақстандықтар сауда орталықтарына демалыс күндері кіре алмайды.

Салтанат Лесбаева, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

– Ashyq мобильдік қосымшасы жаңартылып, онда қосымша функциялар пайда болды: енді кәсіпкер жеке кабинетте чекин санын көре алады. Ол үшін infokazakhstan.kz сайтына ЭЦҚ кілтімен кіру қажет. Содан кейін «Менің өтініштерім» бөлімінде Ashyq QR-ды таңдап, «Толығырақ» түймесін басыңыз. Осылайша, жеке кабинетте диаграмма түрінде өткізілген чекиндердің саны күндер бойынша көрсетіледі.