430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

QazVac-тың штамм құрамы өзгертілді  

  • 84
  • UPD: 21:34, 04.11.2021
QazVac-тың штамм құрамы өзгертілді   

 

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының инфекциялық аурулардың алдын алу жөніндегі зертхана меңгерушісі Нурика Асанжанова отандық QazVac вакцинасының штамм құрамына өзгерістер енгізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«QazVac вакцинасы да басқа екпелер сияқты коронавирустың барлық жаңа нұсқаларына қарсы иммуногендік белсенділікке ие. Гетерологиялық вирустың жалғыз тиімділігі сәл төмен. Яғни қай жағдайда да тиімді. Вакцинаға коронавирустың жаңа штамдарын енгізу туралы айтсақ, оның тиімділігін арттыру үшін біз штамм құрамына өзгерістер енгіздік. Қазір ол тұрақтылық, қауіпсіздік және иммуногенділік бойынша бақылауда тұр. Біз жануарларға сынақ жүргіздік. Қазір реттеуші органдармен вакцинаның өзгертілген құрамын шығаруға рұқсат алу үшін келіссөздер жүріп жатыр», – деді зертхана меңгерушісі.

Еске сала кетейік, Қазақстан Мажарстан аумағында QazVac вакцинасын қолдануды ұсынған болатын.

Хабар 24 телеарнасы