ҚР ДСМ мен «AstraZeneca» компаниясы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастықты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «AstraZeneca» компаниясы дамытатын болады, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлыбритания мен Қазақстанның 8-ші үкіметаралық комиссиясының пленарлық отырысы аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «AstraZeneca» компаниясының Қазақстандағы өкілдігі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Бұл құжат сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды дамыту, 2025 жылға қарай азаматтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттыру, инфекциялық емес аурулардың проактивті профилактикасы моделін енгізу және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауруларды басқару бағдарламаларын кеңейту жөніндегі шараларды іске асыруға бағытталған.      

 «2020 жыл азаматтар үшін медициналық-санитарлық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға кешенді тәсілдің қажеттілігін көрсетті. Біз халық денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштерде сапалы ілгерілеуге қол жеткізу үшін мемлекеттік ведомстволарды, бизнес өкілдерін, барлық деңгейдегі қоғамдық ұйымдарды, бірінші кезекте, халықтың инновацияларға қолжетімділігіне тікелей әсер ететін құрылымдарды қоса алғанда, бүкіл қоғамның күш–жігерінің келісімділігі қажет екенін түсінеміз», - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев.

Бұл ретте Меморандум инфекциялық емес ауруларды басқарудың инновациялық тәсілдері туралы білімді арттыру және әлеуметтік мәні бар ауруларды қазіргі заманғы емдеу мәселелерінде Денсаулық сақтау мамандарының білім деңгейін арттыру үшін ғылыми-білім беру бағдарламалары сияқты бағыттарда ынтымақтастық мүмкіндігін ашады.

Сондай-ақ, денсаулық сақтауды клиникалық практикаға және цифрландыруға әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу, сондай-ақ жаңа цифрлық экожүйені құру бойынша ұсыныстар әзірленеді деп жоспарлануда.

Бұдан басқа, Меморандум отандық тауар өндірушілермен бірлесіп дәрілік заттарды оқшаулауға жәрдем көрсетуді және тәуекел-шеринг (тәуекелдерді бөлу) форматында өзара іс-қимылдың инновациялық модельдерін әзірлеуді, сондай-ақ фармакологиялық қадағалау саласындағы ынтымақтастықты көздейді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен ынтымақтастық шеңберінде «АстраЗенека» компаниясы қант диабетін анықтау мен бақылауды жақсарту жөніндегі бағдарламаларды қолдауды, респираторлық ауруларды емдеуді жетілдіруді, орфандық (сирек кездесетін) аурулар саласында Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін дамытуды жақсарту мәселелері бойынша жәрдем көрсетуді, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын терапия және өлім-жітімді азайту жөніндегі бағдарламаларды іске асыруды жоспарлап отыр.

 «Бүгін қол қойылған меморандум «АстраЗенека»компаниясының жинақталған жаһандық сараптамасын республикадағы медициналық көмекті жетілдіру үшін қолдануға мүмкіндік береді. Меморандумның маңызды міндеттерінің бірі қазақстандықтарды тіркелген сәттен бастап қысқа мерзімде инновациялық препараттарға қол жеткізумен қамтамасыз ету болып табылады. Бұдан басқа, меморандумда Денсаулық сақтау мамандарының құзыреттерін жетілдіруге көп көңіл бөлінеді. Мұндай синергия Қазақстан Республикасындағы клиникалық тәжірибеге әлеуметтік маңызы бар аурулардың заманауи диагностикасы мен терапиясына цифрлық шешімдер мен жаңа тәсілдерді енгізуді жеделдетуге мүмкіндік береді», - деді «АстраЗенека» компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің директоры Александр Таришкин.

Компания сондай-ақ молекулярлық-генетикалық диагностиканы дамытуды, сондай-ақ мамандарды қашықтықтан оқытудың цифрлық технологияларын енгізуді және онкологиялық аурулардан зардап шегетін пациенттерді мониторингілеуді қоса алғанда, онкологиялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға өз үлесін қосуға ниетті.

«Меморандумға қол қою COVID-19 пандемиясының қиын жағдайында елдеріміз арасындағы қатынастарды нығайту жолындағы тағы бір қадам болып табылады. Ынтымақтастықты кеңейту аса маңызды, өйткені 2022 жылы Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнаған сәтінен бастап 30 жылдық мерейтой кеңінен атап өтілетін болады. Біз бұл келісім әлеуметтік-экономикалық блок бағытындағы серіктестігімізді нығайтады және қазақстандықтарға инновациялық терапия мен денсаулық сақтау саласындағы үздік практикаларға барынша тез қол жеткізуге көмектеседі деп үміттенеміз», – деп атап өтті Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кэти Лич.

«АстраЗенека» онкология, кардиология, нефрология және метаболизм, респираторлық және аутоиммундық аурулар сияқты басым түрде емдік салаларда рецептілік препараттарды зерттеуге, әзірлеуге және нарыққа шығаруға бағытталған халықаралық ғылыми-бағдарланған биофармацевтикалық компания болып табылады.