Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді арттырады

Бүгін, 4 қарашада ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті, деп хабарлайды «Хабар 24»  ҚР ЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысты.
 
Отырыста қыркүйек айында Келісім тараптарының міндеттемелерді орындауы талқыланды. Қазақстанның міндеттемелерді орындау деңгейі қыркүйекте 115%-ды құрады.  
 
Отырыс қорытындысы бойынша шектеулерді толық алып тастағанға дейін ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін тәулігіне 400 мың баррельге арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды.