Пенжімдегі төбелес ешқандай ұлтаралық қақтығыс емес – Президент

Пенжімдегі төбелес ешқандай ұлтаралық қақтығысқа жатпайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Мемлекет басшысы бұл арандатушылардың әрекеті деп мәлімдеді.

Президент қоғамдағы түрлі этнос пен конфессия өкілдері арасындағы достық пен татулықты нығайту жөнінде айтып, осыған ұқсас оқиғаларда әрекет ету алгоритмін әзірлеу керектігін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Ешқандай ұлтаралық қақтығыс болған жоқ! Бірақ елдегі арандатушылар тобы бұл оқиғаны осы қырынан көрсетті. Құқық қорғау органдары, сондай-ақ Президент әкімшілігі оларға қарсы ешқандай шара қолданбай отыр. Бұл таңғалдырады. Арандатушылар мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне зиян келтіреді. Сондықтан, біз бұл оқиғадан дұрыс қорытынды шығаруымыз керек.

Еске сала кетейік, Алматы облысы Панфилов ауданы Пенжім ауылында оқушылар арасында жаппай төбелес болған еді. Жаппай жұдырықтасу кезінде 16 жастағы бала жарақат алып, аудандық ауруханаға жатқызылылды.