Дизель тапшылығы қолдан жасалған – Тоқаев

Президент елдегі дизель тапшылығын қолдан жасалған деді.

Еске салайық, қазан айында жанармайдың жетіспеуі ел ішінде қызу талқыланып, көптеген пікірталасқа себеп болған. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Үкімет пен Президент әкімшілігіне бірқатар тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Мұнай өңдеу зауытын жаңғырту туралы бірнеше рет айтылды. Неліктен зауыттарды жаңғыртуға 2 триллион теңге бөлгеннен кейін жөндеуді жоспардан тыс тоқтату жалғасып отыр? Бұл жағы түсініксіз. Мен Үкіметке бұл жағдайға қатысты нақты жауапкершілік жүктеймін. Әрі Президент әкімшілігіне қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарын тарта отырып, тапшылықтың туындау себептерін түсіндіруді тапсырамын.