Түркістан облысында екпе алғандардың қатары миллионға жуықтады

Түркістан облысында екпе алғандардың қатары миллионға жуықтады. Соңғы тәулікте өңірде 548 адам вакцина салдырған.

Вакцинаның алғашқы компонентін 974586 адам салдырса, екінші компонентін 908895 тұрғын қабылдаған. Кейінгі тәулікте 548 адам екпе салдыруға ниет білдірген. Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.

Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал да тұрақтанып келеді. Мәселен, соңғы тәулікте аймақта 24 адамнан COVID-19 вирусы анықталды. Тәуліктік өсім 0,15% құраған. Жалпы облыста пандемия белең алғалы 1 102 294 мыңға жуық ПТР-сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар. Оның 635 –і бос.

Жалпы, пандемия басталғалы инфекциясы расталған 15 291 жағдай тіркелді. Олардың 7637-да ауру симптомсыз өткен болатын