ШҚО-да жоғалып кеткен малшылар табылды

Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданында жоғалып кеткен 3 малшы табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Біржан қыстағынан бір отар қойды жаюға шығыпты. Кейін боранда адасып қалған. Құтқарушылар оларды 4 сағат ішінде тауып, жол талғамайтын көлікпен қыстаққа аман есен жеткізді. Барлығы дін аман. Медициналық көмекке жүгінбеген. Мамандар өлкеде боран соғып, күн райы бұзылатынын алдын ала ескерткен екен. Сондықтан алдағы уақытта да облыстық төтенше жағдай департаменті тұрғындарды хабарландыруға құлақ түріп, сақ болуға шақырады