Мұз қатты, қауіп күшейді

Солтүстік өңірлерде сынап бағанасы төмендеп, өзен беттерінде мұз қата бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ бұл конькимен сырғанауға немесе балық аулауға болады дегенді білдірмейді. Елордадағы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары арнайы брифинг өткізіп, абай болуға шақырды. Өйткені жұқа мұз өте қауіпті. Оның қалыңдығы 10-12 см-ге жеткенде ғана мұз бетіне шығуға болады. Ал техника үшін кемінде 35 сантиматрге жетуі керек. Осыған байланысты қазір 13 жерде арнайы бекеттер ашылды. Оған зардап шеккендер жеткізіледі. Егер осындай жағдайға тап болсаңыз, не куәгері болсаңыз дереу 112 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертті.

Сондай-ақ...