433,56 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қызылордада мұғалімдерді мектепке Аshyq қосымшасымен кіргізеді

  • 102
  • UPD: 15:25, 05.11.2021
Қызылордада мұғалімдерді мектепке Аshyq қосымшасымен кіргізеді

Қызылорда облысында оқу жылының алғашқы тоқсанында 294 баладан covid-19 анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың басым бөлігі бастауыш сынып оқушылары. Өңірдегі 102 мектептің 235 сыныбы екі апталық карантинге жабылып, 5 мыңдай бала қашықтан оқытуға жіберілді. Қауіпті вирус жұқтырған 57 мұғалім емдеу курсынан өтті. Екінші тоқсанда білім беру нысандарында дезинфекциялық тазалау жұмыстары күшейтіледі. Педагогтар мен техникалық қызметкерлер және ата-аналар мектепке міндетті түрде, «Ашық» қосымшасы арқылы кіргізіледі. Сондай-ақ оқу-ағарту ұйымдарында мәдени-спорттық шараларды өткізу шектелетін болады.

Ерлан Ұзақбаев, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:

– Енді алдағы 2 тоқсанда бұған дейін қолданылып келген барлық санитарлық-дезинфекциялық іс-шаралар қатаң сақталуға міндетті. Біз жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, осы талаптардың орындалуына мониторинг жүргіземіз.

Хабар 24 телеарнасы