Солтүстікте өзен бетіне мұз қатқанымен сырғанақ теуіп, балық аулауға болмайды

Солтүстік өңірлерде сынап бағанасы төмендеп, өзен беттерінде мұз қата бастады. Бірақ бұл конькимен сырғанауға немесе балық аулауға болады дегенді білдірмейді.

Елордадағы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары арнайы брифинг өткізіп, абай болуға шақырды. Өйткені жұқа мұз өте қауіпті. Оның қалыңдығы 10-12 см жеткенде ғана бетіне шығуға болады. Ал техника үшін кемінде 35 сантиметрге жетуі керек. Осыған байланысты қазір 13 жерде арнайы бекеттер ашылды. Оған зардап шеккендер жеткізіледі. Егер осындай жағдайға тап болсаңыз немесе куәгері болсаңыз, дереу 112 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертті.