СҚО-да балалар мен аяғы ауыр әйелдерге вакцина салады

Солтүстік Қазақстан облысында жүкті әйелдер мен жасөспірімдерге екпе салынады.

Оларға арналған «Пфайзер» вакцинасы екі аптадан кейін келеді.

Санитар дәрігерлердің айтуынша, бүгінгі таңда өңірде 235 мың адам вакциналаудан өткен. Соған қарамастан эпиджағдай тұрақталмай тұр. Соңғы тәулік ішінде 163 адам ауырып қалған.

«Вирустың тез таралуына карантиндік тәртіптің сақталмауы да себеп», - дейді мамандар.

Арман Күшбасов, санитарлық - эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары: 

- Бірінші кезекте 16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер қабылдай бастайды. Содан кейін 12 жасқа дейінгі балалар егіледі. Бұл ерікті түрде ата-аналарының рұқсатымен ғана.