ШҚО-ның медицина саласында бірқатар былықтың беті ашылды

Шығыс Қазақстанда медицина саласында бірнеше былықтың беті ашылды.

Атап айтқанда, жалған вакциналау паспортын жасағандар мен коронавирустық инфекцияға орай қосылатын үстеме ақы бойынша алаяқтықпен айналысқандар әшкереленді. Осылайша мұндай бассыздыққа жол берген 3 бас дәрігер қызметінен босатылды. Олардың біреуі өскемендік, екеуі аудандық деңгейдегі медициналық мекемелерде. Ал жалған вакциналау деректерінің ашылуына тұрғындардың әлеуметтік желідегі шағымдары  түрткі болған. Бірнеше адам өздері екпе алмаса да екпе салынғаны туралы хабарландыру алғандарын айтып, наразылық танытқан. Денсаулық сақтау басқармасы бұл мәліметтер базасын толтыру кезінде болған қателіктерден және компьютерлік бағдарлама ақаулығынан болды деген уәж айтты. Айта кеткен жөн, бұл істер бойынша ешқандай қылмыстық іс қозғалмаған, себебі аталған фактілер денсаулық сақтау басқармасының ішкі аудиттік тексерісі кезінде анықталған.

Бекзат Сакиғожина, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы  әкімшілік бөлімінің басшысы:

- Денсаулық сақтау басқармасы үш бас дәрігермен еңбек шартын бұзған. Оның екеуінде дәрігері халыққа екпе егуі жағдайында, екпе паспортын егілмеген халыққа бергені үшін және біреуі эпид іс-шараларға қарсы тиісті қосымша төлемақыны дұрыс төлемегені үшін еңбек шарты бұзылған.